
28 ақпанда Ташкентте дзюдодан дәстүрлі Гранд Слэм турнирі басталады. Айтулы жарыста қазақ балуандары өз бағын сынап көрмек.
Біздің елден Өзбекстан астанасына 20 дзюдошы аттанады. Олардың 12-сі ерлер құрамасынан болса, қалған 8-і – қыздар.
Қыздар құрамасы:
Ғалия Тыныбаева (48 келі), Диана Бүркеева (-48 келі), Құндыз Жылқыбай (52 келі), Бақыт Құссақбаев (57 келі) Есмигуль Куюлова, (63 келі), Кристина Сотникова (70 келі), Аруна Жангелдина (-78 келі), Назгүл Маратова (+78 келі)
Ерлер құрамасы:
Әлжан Нұрәділ (60 келі), Мағжан Шамшадин (60 келі), Божша Ердәулет (66 келі), Ержан Еренғайыпов (66 келі), Есет Қуанов (73 келі), Бақытжан Әбдірахманов (73 келі), Абылайхан Жұбаназар (81 келі), Айдар Арапов (90 келі), Ермахан Әнуарбек (90 келі), Мәдиев Бейбіт (-100 келі), Марат Байкамуов (-100 келі), Еламан Ерғалиев (+100 келі)
Аталған турнирі 2021 жылы Grand Slam статусын алған. Ал, 2013-2019 жылдар аралығында Grand Prix мәртебесімен тұрақты түрде өтіп келді.
Осыған дейін өткен Tashkent Grand Slam жарыстарында қазақстандық бес дзюдошы күміс медаль алған, басқа жүлде бұйырмады.
Ташкент Гран Слэмінде медаль алған дзюдошылар: