
Шенеуніктер барлығы 12 миллион теңгені қолды қылған
Ақтөбе облысының прокуратурасы бюджет қаражатын букмекерлік кеңселерде ұтылған спорт мекемелері басшыларының әрекетін әшкереледі.
Екі бірдей балалар-жасөспірім спорт мектебінің басшылары спорт алаңдары мен залдарын жалға беру қызметтерінен түсуі тиіс болған қаражатты негізсіз иемденген.
Бас прокуратураның мәліметінше, олар 12 млн теңгеден астам бюджет қаражатын букмекерлік кеңселерде жұмсаған және бәрін де ұтылып қалған.
Аталған декректер бойынша прокуратура 2 қылмыстық іс тіркеді. Тергеуді облыстық экономикалық тергеу департаменті жүргізді. Осы жылдың 10 қаңтарында тергеу аяқталып, қылмыстық іс сотқа жолданды.