
Тұсауын кесу мәртебесі белгілі тележүргізуші Динара Сәтжанға берілген
Ауыр атлетикадан әлемнің бірнеше дүркін чемпионы Илья Ильин бір жасқа толған қызының тұсауын кесті. Салтанатты шараның видеосын спортшы өзінің Instagram-парақшасына жүктеген.
Қызылорда облысының тумасы бұған дейінде қазақ дәстүрлерді ұстанатынын жиі айтатын. Ал, бірер жыл бұрын ол әйелімен бірге қазақ тілі сабағын меңгерді. Енді қызының тұсауын белгілі тележүргізуші Динара Сәтжанға кестіріп отыр.
«Динара Ханым, қызымыздың таза, бақытты өміріне берген алғашқы, аса маңызды рухани тәлім мен баталарыңыз үшін шын жүректен алғыс айтамыз», - деп жазды Ильин өзінің Instagram-парақшасында.
Динара Сәтжан да болашаққа жаңа қадам басқан сәбиге ақ тілегін аямады.
Илья Ильин – әлемнің төрт дүркін, Азия ойындарының екі дүркін чемпионы. Ол Рио және Лондон олимпиадаларында да чемпион атанған. Алайда, арада бірнеше жыл өткенде ауыратлеттің допинг қолданғаны анықталып, оның екі медалі де кері қайтарылды.