Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Каратэші Дінмұхаммед Айдарбек Fujairah Open турнирінің жеңімпазы атанды

22.02.2025, 13:01

Қазір Қазақстан командасында жүлде саны үшеуге жетті

Каратэші Дінмұхаммед Айдарбек Fujairah Open турнирінің жеңімпазы атанды
Спортты дамыту дирекциясы

БАӘ-нің Фуджейра қаласында өтіп жатқан каратэден жастар арасындағы А сериясындағы жарыста Қазақстан командасының жүлде саны үшеуге жетті.

Жарыстың 2-күні кумите бағдарламасында Дінмұхаммед Айдарбек 16-17 жас санатында 55 кг дейінгі салмақта қарсылас шақ келтірген жоқ. Ол татамиде 6 жекпе-жек өткізді. Алғашқы кезеңде Мальта, сосын АҚШ өкілін айқын басымдықпен ұтты. Топтық кезеңде тағы 2 қазақ спортшысынан, кейін йорданиялықтан айласын асырды. Финалда өзбек каратэшісін ұтты.

Сондай-ақ Гүлнұр Қойшыбай (U16-17) 59 кг дейінгі салмақта чехиялық қарсыласын ұтып, қола жүлдеге ие болды. 

Қазір Қазақстан командасында жүлде саны үшеуге жетті. Кеше Ақниет Шеризат U21 санатында (55 кг) қола жүлдеге қол жеткізген.

Фуджейрадағы бұл жарыс ертең аяқталады. Барлығы осы жылы 87 мемлекеттен 2400-ге жуық спортшы қатысуда.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам