Қазақ каратэшілері Нұрасыл мен Сұңқар БАӘ-де чемпион атанды

Біріккен Араб Әмірліктерінің Фуджайра қаласында каратэден әлемдік жарыс өтіп жатыр

Спортты дамыту дирекциясы
Спортты дамыту дирекциясы

Бүгін екі қазақ каратэшісі Біріккен Араб Әмірліктерінің Фуджайра қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы А сериясы жарысында чемпион атанды.

Кумите бағдарламасында (U14-15) Нұрасыл Нұрсейіт (-52 кг) аса тартысты өткен финалда Украина өкілі Максим Виечкановты ұтты. Ал Сұңқар Қанибек 70 кг дейінгі салмақтың ақтын сынында Хорватия өкілін тізе бүктірді. Екі спортшымыз жарыс барысында 7 жекпе-жектен өткізді.

Сонымен қатар, бүгін 14-15 жас санатында тағы 3 спортшымыз қола медаль жеңіп алды. Амир Кеңесбай (-52 кг), Руслан Еркін (-57 кг), Батыр Әділ (-57 кг) өз салмағында үздік үштікті түйіндеді.

Қазір Қазақстан командасында жүлде саны 8-ге жетті. Кеше Дінмұхаммед Айдарбек (U16-17) топ жарса, Гүлнұр Қойшыбай (U16-17) мен Ақниет Шеризат U21 санатында (55 кг) қола жүлдеге қол жеткізген.

Фуджейрадағы дәстүрлі жарыс ертең аяқталады. Барлығы осы жылы 87 мемлекеттен 2400-ге жуық спортшы қатысуда.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам