Ресейден келген Самоделкина төрт құрлық чемпионатында жетінші орын алды

23.02.2025, 15:57

Еркін бағдарламада Самоделкина төрешілердің шешімімен 129,39 ұпай жинады

Ресейден келген Самоделкина төрт құрлық чемпионатында жетінші орын алды
ҰОК

Қазақстандық Софья Самоделкина мәнерлеп сырғанаудан Сеулде (Оңтүстік Корея) өтіп жатқан төрт құрлық чемпионатында өнер көрсетуін аяқтады.

Еркін бағдарламада Самоделкина төрешілердің шешімімен 129,39 ұпай жинады. Жалпы есепте 193,37 ұпайға жетіп, ол жарысты жетінші орынмен аяқтады.

Алтын медальді Оңтүстік Корея өкілі Ким Чхэ Ён жеңіп алды – 222,38 ұпай. Екінші орынды 204,38 ұпаймен америкалық Брэдди Тэннел иеленді. Үздік үштікті тағы бір америкалық спортшы Сара Эверхард қорытындылады – 200,03 ұпай.

София Фарафонова 104,20 ұпай жинап, 20-орынға тұрақтады.

Еске сала кетейік, ерлер арасындағы жарыста қазақстандық Михаил Шайдоров жеке рекордын жаңартып, жеңіске жетті.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам