Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

«Қазақтар жастарды қолдамайды»: Сабина Алтынбекова шетелге кетуінің себебін айтты

24.02.2025, 09:20

Оның айтуынша, қазақтардан қарағанда шетелдіктер көбірек қолдау көресткен

«Қазақтар жастарды қолдамайды»: Сабина Алтынбекова шетелге кетуінің себебін айтты
instagram.com/altynbekova_20/

Қазақстандық танымал волейболшы, Индонезияның «Yogya Falcons» клубының ойыншысы Сабина Алтынбекова отандастарына үндеу жасады.

Алтынбекова қазақстандық БАҚ-қа ренжіген. Өйткені, отандық ақпарат көзлері ол ойнайтын команданың жеңілгенін жарыса жазған.

«Басқа елдердің БАҚ өкілдері тек жақсы нәрсе жазады. Сүрінгеніңді емес, биікке өрлегенінді байқайды. Ал қазақстандық БАҚ тек негатив жазудан қолы босамайды. Комментарий оқысаң, бізге алыстан жау керек жоқ деп ойлайсың. Өз-өздеріңді құртасыңдар. Сондықтан талантты жастардың бәрі шетелге кетіп жатыр. Елде оларды қолдамайды және бағаламайды», - дейді Сабина Алтынбекова.

Оның айтуынша, керсінше шетелде қолдау көп. 

«Басқа ел, басқа адамдар, бірақ олардың қолдауы қазақтарға қарағанда көбірек. Рахмет, Индонезия! Мен сіздерді жақсы көремін», - дейді спортшы.

Еске салайық, Сабина Алтынбекова Yogya Falcons командасымен 2024 жылдың қазан айында келісімшартқа отырған. Сол жылдың желтоқсанында ол Индонезия командасының капитаны болғанын хабарлады. Спортшы әлеуметтік желіде өзінің жаңа клубындағы матчтарынан суреттерді үнемі жариялап отырады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам