
Былтыр да қазақстандық гимнасстар осы жарыста екінші орын алған болатын
Әзірбайжанның Баку қаласында өтіп жатқан әлем кубогы кезеңінде Қазақстандық гимнасттар Данил Мұсабаев пен Никита Тумаков синхронды секіруден күміс медальға ие болды. Алтын жүлде жапон спортшыларына бұйырса, үздік үштікті Мексика құрамасы түйіндеді.
Жалпы еліміздің атынан бұл спортшылардан бөлек Роман Барков, Ерлан Тасмағамбетов жәна Виктория Бутолиналар ел намысын қорғайды. Олар жарыс жолына бүгін шығады.
Өткен жылы ақпан айынды дәл осы Бакуде өткен Әлем кубогы кезеңінде де Данил Мұсабаев пен Пирмаммед Алиев күміс жүлдеге қол жеткізген еді.