Қызу дайындық басталды: Жәнібек алғаш рет Астанада титулдарын қорғайды

26.02.2025, 11:40

Бұл жекпе-жек тарихи маңызға ие болмақ

Қызу дайындық басталды: Жәнібек алғаш рет Астанада титулдарын қорғайды
Видеодан кадр

Орта салмақтағы WBO/IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) қызу дайындықты бастап кеткен. 5 сәуір күні Астанада Жәнібек француз боксшысы Анауэль Нгамиссенгемен (14-0, 9 КО) жекпе-жек өткізеді.

Әлімханұлы өзінің Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында дайындық сәтінен видео жариялады. «Қазақ стилінің» салмақпен және жаттығу құрылғыларымен жұмыс істей отырып, физикалық күші мен төзімділігін шыңдап жатқанын көруге болады.

Айта кету керек, бұл жекпе-жек тарихи маңызға ие болмақ. Себебі, Жәнібек Әлімханұлы екі әлемдік чемпиондық белбеуін алғаш рет өз елінде қорғайды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам