Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Белгілі спортшы Маңғыстау облысы әкімінің кеңесшісі болды

26.02.2025, 14:46

Қазақ боксы мақтаныштарының бірі болған Асылбек Қилымов жаңа қызметке тағайындалды

Белгілі спортшы Маңғыстау облысы әкімінің кеңесшісі болды
Маңғыстау облысы әкімдігі

КСРО Олимпиадалық құрамының мүшесі, халықаралық дәрежедегі КСРО және Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, Маңғыстау облысының құрметті азаматы Асылбек Қилымов Маңғыстау облысы әкімінің спорт мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі қызметіне тағайындалды.

Асылбек Қилымов – кеңестік және қазақстандық бокс мектебінің жарқын өкілдерінің бірі. Ол 1980 жылдары КСРО-ның ең мықты спортшыларының қатарында болып, ел намысын халықаралық аренада абыроймен қорғады.

1984 жылдың көрсеткіші бойынша Асылбек Қилымов Еуропаның ең үздік боксшысы, 75 келі салмақ дәрежесіне дейінгі әлем бойынша үшінші боксшысы атағына ие болған тұлға.

Кәсіби мансабында Килимов 196 жекпе-жек өткізіп, оның 186-сында жеңіске жетті, соның 82%-ын мерзімінен бұрын аяқтады. Ол халықаралық жарыстарда, соның ішінде АҚШ, Польша, КХДР, Түркия, ГДР, Чехословакия, Финляндия, Болгария және Таиландтағы беделді турнирлерде топ жарды.

Спорттық мансабын аяқтағаннан кейін де Асылбек Қилымов бокс саласындағы қызметін жалғастырып, 1988–1991 жылдары КСРО Мемлекеттік спорт комитетінің Қазақстандағы жаттықтырушысы болды. Сондай-ақ, ол Еуропалық әуесқой бокс қауымдастығының (EABA) техникалық комиссиясының мүшесі ретінде жұмыс істеді. 1991 жылы оның басшылығымен Қазақстан құрамасы алғаш рет КСРО халықтарының X Спартакиадасында жалпыкомандалық есепте жеңіске жетті.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам