Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Атақты Кайл Снайдер Албаниядағы турнирде жапон балуанынан жеңілді

28.02.2025, 09:43

Бұл салмақта күрескен қазақ балуаны бірінші айналымнан әрі аса алмады

Атақты Кайл Снайдер Албаниядағы турнирде жапон балуанынан жеңілді
UWW

Екі күн бұрын Алматыдағы PWL турнирінде күресіп, Ризабек Айтмұқанды оңай жеңіп кеткен америкалық даңқты балуан Кайл Снайдер Албанияда өтіп жатқан рейтингтік турнирде жеңіліп қалды. Ол жартылай финалда жапон балуаны Араш Ёшидамен белдесіп, тартысты бәсекеде қарсыласына есе жіберді.

Снайдер жартылай финалға дейін алдымен Иран мықтысы Можтаба Голейджні сан соқтырған. Ширек финалда беларусь балуаны Гуштын Александрдан айласын асырды. Ал, қола медаль үшін белдесуде грузиялық Дато Пирузачилиді қапы қалдырды. 

Айта кету керек, Снайдар мен Ёшида арасындағы белдесу 5:5 есебімен тең аяқталған. Алайда, соңғы ұпайды жапон балуаны алғандықтан, жеңіс соған берілді.

Араш Ёшида финалда ирандық Эрфан Ализадені 3:2 есебімен жеңіп, турнир жеңімпазы атанды.

Бұл салмақта күрескен Қазақстан балуаны Бекзат Үркімбай мажарстандық Ришад Вегтен алғашқы айналымда жеңіліп, жарысты аяқтады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам