Қазақстан спортшысы Қырғызстанда қайтыс болды

28.02.2025, 22:17

Ол өзінің досымен соқтығысып қалған

Қазақстан спортшысы Қырғызстанда қайтыс болды
көрнекі фотосурет

Қырғызстандағы тау-шаңғы базасында қазақстандық азамат қайтыс болды. Бұл туралы Ыстықкөл облыстық ішкі істер басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Оқиға 27 ақпанда шаңғы трассасында болған. Марқұм сноуборд спортымен айналыспақ болған екен.

«Оқиға орнына дереу жеткен жедел-тергеу тобы Қазақстанның 43 жастағы азаматының сноуборд теуіп жүріп, досымен соқтығысқанын анықтады. Ер адам алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды», - делінген хабарламада.

Қазіргі кезде барлық қажетті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. 

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам