
Садулаев бұған дейін Еуропа чемпионатында 4 рет чемпион атанған
Еркін күрестен екі дүркін Олимпиада чемпионы Абдулрашид Садулаев бесінші мәрте Еуропа чемпионатына қатысуға мүмкіндік алды. Ресейдің ішкі іріктеуінде үздік шыққан дағыстандық балуан Словакияда өтетін құрлық біріншілігінде сынға түспек.
Белгілі балуан өткен апта соңында биылғы Ярыгин турнирінің жеңімпазы Магомед Курбановпен шешуші айқаста кездесіп, 5:1 нәтижесімен басым түскен.
Садулаев бұған дейін Еуропа чемпионатында 4 рет чемпион атанса, 2 рет Еуропа ойындарында үздік шықты. Былтыр Румынияда өткен Еуропа чемпионатына барған спортшыны Бухарест әуежайының кеденшілеріне виза мәселесінен кінәрат тауып, жарысқа қатысуға жібермеген еді. Сондай-ақ, оған өткен жылдың сәуір айының басында Бакуде өткен Еуропа аймақтық олимпиадалық іріктеу бәсекесіне де қатысуға ХОК тарапынан шектеу қойылды.
2024 жылы Париж Олимпиадасынан тыс қалған балуан қазан айында Тиранада өткен әлем чемпионатында 92 келіде топ жарған болатын. Спортшы өз мансабында алтыншы рет әлем чемпионы атанды.