Қазақстандық таеквандошылар халықаралық рейтингтік турнирде 14 жүлдеге ие болды

05.03.2025, 00:56

Ал, жастар құрамасы командалық есепте бірінші орынға шықты

Қазақстандық таеквандошылар халықаралық рейтингтік турнирде 14 жүлдеге ие болды
olympic.kz

Болгарияның София қаласында «Bolgaria Open G1» рейтингтік турнирінде Есбол Сұлтанов жетекшілік еткен ересектер құрамасы 1 алтын, 5 күміс, 8 қола жеңіп, жалпы саны 14 жүлдеге ие болды.

Ересектер арасынан жалғыз алтын жүлдені 74 келіді бақ сынаған Мақсат Орынбасар иеленді. Ол финалда грекиялық Хараламбос Флускоунисті 2:1 есебімен, жеңіп чемпион атанды.

  • 🥇Мақсат Орынбасар (74кг)
  • 🥈Әзірет Дүйсенбек (54кг)
  • 🥈Бектөре Оралхан (58кг)
  • 🥈Батырхан Төлеуғали (80кг)
  • 🥈Нұрлан Мырзабаев (87кг)
  • 🥈Нодира Ахмедова (49кг)
  • 🥉Артур Серік (54кг)
  • 🥉Аманбол Бегімбетов (63кг)
  • 🥉Дамир Шуленов (68кг)
  • 🥉Мерген Ғаниев (80кг)
  • 🥉Нұрай Бауыржанова (49кг)
  • 🥉Айдана Сүндетбай (53кг)
  • 🥉Нұрай Қазынабек (57кг)
  • 🥉Камила Аймұқашева (62кг)

Сондай-ақ таеквандодан жастар құрамасының бапкері Нұрболат Жаңбыровтың шәкірттері де жоғарғы деңгейде өнер көрсетті. Олар  5 алтын, 1 күміс, 3 қола еншілеп, жалпы командалық есепте 1-орынға тұрақтады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам