
Жарыс 25-30 наурыз аралығында өтеді
Наурыздың аяғында АҚШ-тың Бостон қаласында мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионаты өтеді. Айтулы жарысқа Қазақстан құрамасынан тек екі спортшы қатысатын болды. Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитеті хабарлады.
Атап айтқанда, Қазақстан намысын әлем чемпионатында Михаил Шайдоров пен Ресейден келген мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина қорғайды.
Айта кетейік, Михайл Шайдоров бұған дейін Харбинде (Қытай) өткен қысқы Азия ойындарында қола жүлде иеленген еді. Артынша төрт құрлықтың басты додасында чемпион атанып, Денис Теннің 10 жыл бұрынғы жетістігін қайталады. Осылайша Шайдаровтың жыл басынан бері үшінші ірі жарысына қатысқалы отыр.
Ал, Софья Самоделкина болса Харбинде небәрі төртінші орын алып, жүлдеге іліне алмады.