Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Бувайсар Сайтиевтің неден қайтыс болғаны әлі анықталмаған

06.03.2025, 10:29

Ел арасында марқұмның өліміне қатысты түрлі қауесет тарап жатыр

Бувайсар Сайтиевтің неден қайтыс болғаны әлі анықталмаған
Михаил Почуев/ТАСС

Даңқты балуан Бувайсар Сайтиевтің неден қайтыс болғаны әлі анықталмады. Өлімге себеп бірнеше нұсқа айтылып отыр.

Еске салайық, 4 наурызда Бувайсар Сайтиевпен қоштасу рәсімі өтті. Ол кавказ халықтарының өкілдері шоғырланған Дағыстанның Новокули ауылында жерленді.

Бувайсар – Ресей, Дағыстанның және Шешенстанның барлық дерлік мемлекеттік наградаларына ие болған атақты спортшы. Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров атақты балуанның өлімінен кейін үш күндік қаралы күн жариялады.

Сайтиевтің неден қайтыс болғаны нақты айтылмай жатыр. Сондықтан болар, ел ішінде түрлі қауесет тарауда. Алғашында оның ұзақ уақыт ауырып, сол кеселден көз жұмғаны айтылған еді. Алайда, артынша тағы бірнеше нұсқа пайда болды. Біреулер даңқты балуанның дәрі-дәрмектен уланып ауруханаға жеткізілгені, енді басқалары оның үй терезесінен құлап кеткенін айтып жүр.

Сайтиевтің әйелі Индира «RBK» тілшісіне берген сұхбатында «неге бұлай болғанын білмеймін» деді. Оның жатын бөлмесінің терезесінен құлап кеткені айтылады. 

«Біздің жатын бөлменің терезесі ашылмайды. Бувайсар ылғи терезенің неге ашылмағанын білуге ​​тырысатын. Бірақ оның терезені жөндеймін деп құлағанын растай алмаймын. Үйде болмағандықтан көрмедім», - деп, пікір білдірді. Индира Сайтиева қабырғасы мен жамбасы сынғанын растады.

Бувайсардың үйі екі (кейбір басылымдарда 3) қабаттан тұратыны айтылуда. Оқиға болған күні тазалаушы тротуарда жатқан ер адамды көріп, жедел жәрдем шақырған. Жедел жәрдем оны дер кезінде ауруханаға жеткізген.

Оқиға болған уақытта Бувайсардың 4 және 8 жастағы екі ұлы мен  інілерінің бірі болған. Тергеу барысында олар ештеңеден хабарсыз екені белгілі болды. 

Атақты спортшының өлімі халық арасында көптеген өсек-аяң тудыруда. Оған біреулер қастандық жасауы да мүмкін деген сыбыс та тараған.

Ал, жергілікті шенеуніктердің айтуынша, атақты балуан өкпе ауруына қарсы күшті дәрі қабылдаған.

«Қазір бәрі Сайтиевтің өкпесі қабынуы мүмкін деп айтып жатыр. Бұл жалған ақпарат. Оның ауыр сырқаты болмаған. Оның жағдайы жақсы болды», - деді марқұмның көмекшісі Мұхамад-Емин Қантаев «КП-Северный Кавказ» басылымына берген сұхбатында.

Айта кетейік, Бувайсар Сайтиев соңғы жылдары Спорт министрлігінде жұмыс істеп, балалар спортына жауапты болды. 

Мансабын аяқтаған соң саясатқа араласты. Ол Дағыстан мен Шешенстан басшыларының бас кеңесшісі болып жұмыс істеп, 2016 жылы Мемлекеттік Думаға депутат болып сайланған. Сайтиевтің Украинадағы соғысқа қарсы болған деген қауесет бар.

Балуанның өліміне қатысты тергеу қашан, қай уақытқа дейін жалғасатыны әлі белгісіз.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам