Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Футбол аңызы Кафу Metaratings Top Awards марапаттау рәсімінің арнайы қонағы болады

06.03.2025, 15:30

Бразилияның даңқты ойыншысы Алматыға келіп, қазақ дастарханынан дәм татады

Футбол аңызы Кафу Metaratings Top Awards марапаттау рәсімінің арнайы қонағы болады
Metaratings

3 сәуір күні Алматыда өтетін Metaratings Top Awards салтанатты кешінде спорт және бизнес саласындағы алғашқы Ұлттық сыйлықтың жеңімпаздары марапатталады. Салтанатты шара аясында үздік спортшылар мен жаттықтырушылар, менеджерлер мен спорт ұйымдары, журналистер мен блогерлер, сондай-ақ спорт бизнесі мен букмекерлік кеңселердің өкілдері лайықты марапаттарға ие болады.

Айта кетейік, аталған байқауға “Бірінші бол” ақпараттық агенттігі “Үздік спорттық БАҚ” номинациясына бойынша қатысып жатыр. Сонымен қатар, біздің жобаның серіктері: “Соққы және гол” YouTube-каналы – “Үздік спорттық блог” номинациясына үміткер, ал FONBET – беттинг номинацияларында үздік атануға үміткер.

Ал, Metaratings Top Awards сыйлығының арнайы қонағы ретінде екі дүркін әлем чемпионы және Америка кубогының екі дүркін жеңімпазы, Чемпиондар лигасының, клубтар арасындағы әлем чемпионатының және басқа да көптеген кубоктардың жеңімпазы Кафу шақыртылды. Аты аңызға айналған бразилиялық футболшы ФИФА нұсқасы бойынша тарихтағы ең үздік 100 ойыншының қатарына енді.

Еске салайық, Metaratings осыған дейін өз оқырмандары арасында кімдерді марапаттың арнайы қонағы ретінде көргісі келетіні туралы сауалнама жүргізген болатын. Үміткерлер қатарында Патрик Клюйверт, Диего Форлан, Фернандо Морьентес, Уэсли Снейдер, Димитар Бербатов, Давид Трезеге, Хуан Себастьян Верон және Кафу болды. «Милан» мен Бразилия құрамасының бұрынғы қорғаушысы сауалнамада бірінші орынды иеленіп, енді Қазақстанға ат басын бұрады.

Metaratings Top Awards номинанттарына дауыс беру веб-сайтта жалғасуда. Ең өзекті жаңалықтар басылымның Telegram арнасында.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам