Милад Карими Бакуде Әлем кубогының финалына бірінші орынмен шықты

06.03.2025, 17:54

Финалдық кезең 8 наурызда басталады

Милад Карими Бакуде Әлем кубогының финалына бірінші орынмен шықты
ҰОК

Бакуде (Әзірбайжан) Әлем кубогының кезеңі басталды. Финалға Қазақстан құрамасынан үш спортшы шықты.

Қазіргі уақытқа дейін қоссырық пен еркін жаттығулар бойынша іріктеу кезеңі өтті. Еркін жаттығуда сәтті өнер көрсеткен Милад Карими финалға бірінші орынмен шықты. Ол 13.833 ұпай жинады.

Қоссырықтағы медаль үшін Дмитрий Потанин мен Ілияс Әзізов сынға түседі. Әзізов іріктеуде үшінші орын (13.400 ұпай), ал Потанин бесінші орын (12.800 ұпай) алды.

Айта кетейік, финалдық кезең 8 наурызда басталады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам