Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Еркін күрестен Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан балуандары белгілі болды

09.03.2025, 12:15

Олардың қатарында Ризабек Айтмұқан жоқ

Еркін күрестен Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан балуандары белгілі болды
olympic.kz

Иордания астанасы Амманда 25-30 наурыз аралығында күрес түрлерінен Азия чемпионаты өтеді. Құрлық біріншілігіне қатысатын қазақстандық құраманың тізімі белгілі болды.

Тізім Біріккен күрес әлемінің ресми сайтында жарияланды. Алайда, олардың қатарында әлем чемпиондары Ризабек Айтмұқан мен Нұрқожа Қайпанов жоқ. Олардың неліктен жарыстан тыс қалғаны белгісіз. Есесіне тывалық легионер Начын Куулар қатарда.

Бұған дейін ел кубогының нәтижесімен Азияға қатысатын құрама жасақталады деп айтылған болатын.

Ел намысын қорғайтын еркін күрес балуандары: 

  • 57 келі - Мерей Базарбаев
  • 61 келі - Мейрамбек Қартбай
  • 65 келі - Нұрсұлтан Садық
  • 70 келі - Начын Қуулар
  • 74 келі - Әлібек Әбдіқасымов
  • 79 келі - Дәулет Ергеш
  • 86 келі - Данияр Қайсанов
  • 92 келі - Нұрдәулет Бекенов
  • 97 келі - Бекзат Үркімбай
  • 125 келі - Нұрсұлтан Азов

2024 жылы Бішкекте өткен Азия чемпионатында қазақстандық еркін күрес шеберлері 1 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль жеңіп алған болатын.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам