Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

«Сметовпен финалда күрескен»: Әлем чемпионатында жүлде алған дзюдошы жаңа қызметке тағайындалды

12.03.2025, 17:01

Белгілі балуан бұрын ұлттық құрама сапында 60 келіде белдескен

«Сметовпен финалда күрескен»: Әлем чемпионатында жүлде алған дзюдошы жаңа қызметке тағайындалды
Getty images

Қазақстандық дзюдошы Рустам Ибраев Ақтөбе облысындағы жоғары спорт шеберлігі мектебінің директоры болып тағайындалды.

Белгілі балуан бұрын ұлттық құрама сапында 60 келіде белдесіп, көптеген халықаралық жарыстарда жүлде алды. Қазақ спорт және туризм академиясын «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша бітірген Ибраев 2018 жылдан бастап облыстық «Жастар» балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде жаттықтырушы болып жұмыс істеді.

Айта кететін жайт, Рустам Ибраев 2015 жылы әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанған. Ол сол сында финалда болашақ Олимпиада чемпионы Елдос Сметовпен кездескен еді. Кездесу қорытындысы бойынша ол екі рет ескерту алып, күміс жүлдені місе тұтуға мәжбүр болды.

Сондай-ақ, Ибраев жапониялық белгілі дзюдошы Наохиса Такатоны ұтқан қазақстандық жалғыз балуан. Ол 2015 жылы Германияда өткен Гранд Слэм турнирінде Жапония балуанын айқын жеңген болатын.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам