
Мхидзе қазір әлемдік рейтингте төртінші орында тұр
Париж Олимпиадасында дзюдодан 60 келіде финалға шығып, шешуші сәтте Елдос Сметовке вазари әдісімен есе жіберген француз балуаны Лука Мхидзе ұзақ үзілістен соң алғашқы жарысына қатысқалы отыр.
Лука Мхидзе 21 наурызда Тбилисиде өтетін Гранд Слам бәсекесінде сынға түспек. Ол аталған турнирде өз салмағында басты фаворитке баланып отыр.
Франция құрамасы сапында екі Олимпиадаға қатысып, жекелей сында күміс және қола жүлдегер атанған Мхидзе қазір әлемдік рейтингте төртінші орында тұр. Бұл ретте бестікті қазақстандық Елдос Сметов түйіндеген.
Айта кететін жайт, бұл сынға Қазақстан дзюдошылары қатыспайды. Сондай-ақ, өткен жылы аталған турнирде Қазақстан құрамасының өкілі Нұрқанат Серікбаев 60 келіде чемпион атанған болатын.
Қазақстан дзюдошылары жыл басынан Баку және Ташкент Гранд Слэмдерінен бір қола жүлдеген иеленсе, жақында ғана Лицнте өткен Гран При турнирінде бір алтын медальға қол жеткізді.