
Футбол көш басында емес
Алматы – Қазақстанның ең спорттық қаласы саналады. Өйткені, «оңүстік астанада» спорт саласына өзге өңірлерден қарағанда қаражат әлдеқайда көп бөлінеді. Ал, бұл қаражаттың басым бөлігі спорт нысандары мен балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне (СДЮШОР) жұмсалады екен.
«Дядя Ваня» Telegram-каналы 2024 жылы Алматы кәсіпқой спортты қаржыландыруға қанша ақша бөлінгенін есептеп көрді.
Adata.kz деректері бойынша, былтыр Алматы қаласының Спорт басқармасы жалпы сомасы 22,806 млрд теңгеге ($45,8 млн) келісімшарттар жасасқан. Бұл алдыңғы үш жылмен салыстырғанда анағұрлым көп:
1. Кәсіпқой спорт бойынша ең ірі келісімшарт Теннис федерациясымен жасалған.
Бұлай дейтініміз, Алматының Спорт басқармасы «Теннис федерациясы» Республикалық қоғамдық ұйыммен 956,9 млн теңгеге ($1,9 млн) келісім жасаған. Бұл қаражаттың басым бөлігі Алматыда өткен халықаралық ATP-250 Almaty турнирін ұйымдастыруға жұмсалған (800 млн теңгеден астам) екен.
Турнирдің жүлде қоры $1,055 млн болды. Естеріңізде болса, жекелей сында жеңіске ресейлік Карен Хачанов жетті. Ол финалда канадалық Габриэль Диаллодан басым түскен.
Сонымен қатар, Алматы қаласының теннис құрамасын жасақтауға 99,9 млн теңге ($200,8 мың) бөлініпті.
2. «Алматы» кәсіпқой хоккей клубы – 850 млн теңге
2024 жылы Алматының кәсіпқой хоккей клубына 850 млн теңге ($1,7 млн) жұмсалды. Бұл қаражат негізгі және жастар командаларының ел чемпионатына қатысуына бағытталды.
Дегенмен, 2023/2024 маусымда «Алматы» клубының көрсеткіші өте төмен болды: ұжым топтық кезеңде 11 команданың ішінде 10-орын алды. Алайда, келесі маусымда олар тұрақты біріншілікті 5-орынмен аяқтады. Плей-офф сериясының ширек финалында қарағандылық «Сарыарқаға» (3:4) жол беріп, жарыстан шығып қалды.
3. «Қайрат» футбол клубы – 720 млн теңге
Кәсіпқой футбол клубы «Қайрат» 2024 жылы 720 млн теңге алды. Бұл қаржы балалар, жасөспірімдер және кәсіпқой футбол командаларын даярлау мен олардың жарыстарға қатысуына бағытталған.
Айта кетсек, «Қайрат» 2024 жылы Қазақстан чемпионатында топ жарды.
Кәсіпқой спортқа бөлінген қаржы рейтингі: