
ІВА жеңімпаздарға 100 мың доллардан берді
Ниш (Сербия) қаласында әйелдер арасында өткен әлем чемпионатында жеңімпаз және жүлдегер атанған Қазақстан боксшылары Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) тарапынан ақшалай сыйақы алды.
ІВА жеңімпаздарға 100 мың доллардан берсе, күміс жүлдегерлерге 50 мың, қола жүлдегерлерге 25 мың доллардан тағайындаған:
Назым Қызайбай – 100 мың АҚШ доллары
Алуа Балқыбекова – 100 мың АҚШ доллары
Аида Әбікеева – 100 мың АҚШ доллары
Виктория Графеева – 50 мың АҚШ доллары
Елдана Талипова – 50 мың АҚШ доллары
Наталья Богданова – 25 мың АҚШ доллары.
Бұдан бөлек Қазақстан бокс федерациясы да боксшы қыздарымызға дәл осындай сыйақы береді.
Қызайбай – 100 мың АҚШ доллары
Алуа Балқыбекова – 100 мың АҚШ доллары
Аида Әбікеева – 100 мың АҚШ доллары
Виктория Графеева – 50 мың АҚШ доллары
Елдана Талипова – 50 мың АҚШ доллары
Наталья Богданова – 25 мың АҚШ доллары
Бұдан бөлек, бапкерлер мен дәрігерлерге де Қазақстан бокс федерациясы тарапынан сыйақы қарастырылған.
Айта кетейік, 8-16 наурыз аралығында өткен әлем біріншілігінде қыздарымыз үш алтын, екі күміс және бір қола медаль еншіледі. Соның ішінде Назым Қызабай әлемнің үш дүркін чемпионы атанды.