
Ертең басталатын Тбилисидегі Гранд Слэм турнирінен тыс қалады
Қазақстан дзюдо құрамасы алдағы бір ай бойы ешқандай халықаралық жарыстарға қатыспайды. Осылайша, ертең басталатын Тбилисидегі Гранд Слэм турнирінен тыс қалады.
Белгілі болғандай, татами шеберлері келесі жарысын сәуір айының соңында Таиландта өтетін Азия чемпионатында өткізбек. Бұл бәсеке дзюдошыларға ұпай беретін маңызды турнирлердің бірі болмақ.
Жыл басынан бері Қазақстан құрамасы үш халықаралық жарысқа қатысып, барлығы үш медаль жеңіп алған болатын. Баку Гранд Слэмінде +100 келіде Ерасыл Қажыбаев қола жүлдеге қол жеткізсе, Ташкент Гранд Слэмінде Абылайхан Жұбаназар 81 келіде үштікке енді. Сондай-ақ, Лицн Гран Приінде 48 келіде Абиба Әбужақынова чемпион атанды.
Ұлттық құрама мүшелері 11-17 наурыз күндері Чехияның Нимбург қаласында олимпиадалық жаттығу лагерінде халықаралық оқу-жаттығу жиындарына қатысты.