ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

«Антирекорд»: Қазақстанның регбиші қыздары Ирландиядан 0:109 есебімен жеңілді

Келесі матчты жерлестеріміз кениялық қыздармен өткізеді

Фото ашық дереккөзден
Фото ашық дереккөзден

Регби-15 бойынша Қазақстанның қыздар құрамасы Дубайда өтіп жатқан турнирде Ирландия командасынан 0:109 есебімен жеңіліп, антирекорд орнатты.

Ирландия регбишілері тарихында мұндай ірі есеппен ешкімді жеңіп көрмеген. Олардың бұған дейінгі рекорды Шотландия қыздарымен болған ойында тіркелген, ол кезде матч 73:3 есебімен аяқталыпты.

Жалпы, бұл есеп тек Ирлания құрамасы үшін ғана емес, қыздар регбиіндегі ең ірі есеп болып тіркелді. Бұған дейін бір матчта ешбір команда 100 ұпай еншілемеген.

Келесі ойынды Қазақстанның регбиші қыздары 20 қазанда Кения құрамасымен өткізеді. Біздің топта сондай-ақ, Испания, Колумбия және Фиджи елдерінің командалары бар.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам