Қазақстанда футбол деңгейі нөл. Айболдың “крышасы” кім? Шалдар, кетіңдер!

Елдос Сметов ұлттық құрамадан бөлек жеке жаттығады

04.01.2024, 14:36

Қазақстан дзюдошылары Португалияда өтетін жарысқа дайындалуда

Елдос Сметов ұлттық құрамадан бөлек жеке жаттығады
Жеңіс Ысқабай

Белгілі спортшы Елдос Сметов дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасынан бөлек жаттығып жатыр. Ол жеке бапкерімен дайындығын пысықтап жатқаны белгілі болды.

Бас бапкер Нұрбол Сүлейменовтің айтуынша, спортшылар қазір Шымкент қаласы маңындағы «Алма тау» базасына оқу-жаттығу жиындарын бастаған.

«Жаңа жылдың алғашқы жаттығу жиыны 4-20 қаңтар күндері аралығында Шымкентте өтеді. Біздің алғашқы жарыс Португалиядағы Гран-при турнирі мен Франциядағы Гранд-слэм турнирі болмақ. Спортшылар түгелдей жиналды. Елдос Сметов қана бапкерімен бөлек жаттығуда. Командада айтарлықтай өзгеріс жоқ. Балуандардың барлығы да сапта», - деді бас бапкер Сүлейменов Olympic.kz-ке берген сұхбатында.

Дзюдодан биылғы маусымның алғашқы бәсекесі 26-28 қаңтар аралығында Португалияда өтеді. Өткен жылы да Қазақстан құрамасы алғашқы жарысын Португалияда өткен Алмада Гран-приінен бастаған болатын. Бұл сында әйелдер арасында Абиба Әбужақынова 48 келіде жеңімпаз атанса, Ғалия Тынбаева күміс жүлдегер атанды. Сондай-ақ, ерлер арасында Жансай Смағұлов күміс медаль алды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам