ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

Болат Сақаев Азия чемпионатының алтыны үшін күреседі

30.03.2025, 16:32

Сақаев 2023 жылы Астанада 79 келіде Азия чемпионы атанған

Болат Сақаев Азия чемпионатының алтыны үшін күреседі
Спортты дамыту дирекциясы

Иорданияда күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатының соңғы жарыс күнінде қазақстандық Болат Сақаев финалға жолдама алды.

Еркін күрестен 86 келіде сынға түскен қазақ балуаны жартылай финалға Қытай спортшысынан 12:1 есебімен басым түсті. Отандасымыз енді финалда парсы балуанымен өзара мықтыны анықтайды.

Айта кететін жайт, Сақаев 2023 жылы Астанада 79 келіде Азия чемпионы атанған еді.

Бұдан бөлек, 74 келіде әлем чемпионы Нұрқожа Қайпанов финалға шықты. Ол Қырғызстан балуанымен құрлық чемпионы атағын үшін шеберлік байқасады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам