Самбодан Азия ойындарының тұңғыш чемпионы Бағлан Ибрагимов сәбилі болды

14.04.2025, 17:48

Бағлан Ибрагимов самбодан 52 келіде ұлттық құрама сапында күрескен

Самбодан Азия ойындарының тұңғыш чемпионы Бағлан Ибрагимов сәбилі болды
Getty images

Самбо тарихында Азия ойындарының тұңғыш чемпионы атанған қазақ балуаны Бағлан Ибрагимов сәбилі болды. Бұл туралы қазіргі уақытта бапкерлік қызмет атқаратын спортшының жары Ұлмира Ергешбаев жазба жариялады.

«Құдайдың қалауымен екіші баламыз өмірге келді. Біздің өмірімізге қош келдің, қызым!», - деп жазды ол.

Бағлан Ибрагимов самбодан 52 келіде ұлттық құрама сапында күрескен қарымды балуан. Ол 2018 жылы Индонезияда өткен Азия ойындарында самбодан чемпион атанды. Аталған құрлық ойындарында самбо бағдарламаға алғаш рет енген болатын.

Кейін ол бапкерлікке ауысып, бүгінде Маңғыстау облысында спорт мектебінде қызмет атқарады.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам