Сәбина Алтынбекова қиын кезеңдерді бастан өткізіп жатқанын меңзеді

14.04.2025, 17:26

Ол әлеуметтік желіде көпшілікті ойландырып қойды

Сәбина Алтынбекова қиын кезеңдерді бастан өткізіп жатқанын меңзеді
instagram.com/yogyafalcons

Танымал қазақстандық волейболшы Сәбина Алтынбекова әлеуметтік желіде жаңа жазба жариялап, көпшілікті ойландырып қойды.

«Ешбір адам: еркек те, әйел де өзінің төзімділік деңгейін сынақ түспейінше білмейді.

Мыңдаған адам жардың шетінде тұрып көрмегендіктен ғана өмірін құрмет-қошеметке бөленіп өткізіп жатыр. Ал жардың жиегінде тұрып көрмей жақсы болу – кез келгеннің қолынан келеді», – деп жазды Алтынбекова Instagram парақшасында.

Бұл жазбадан соң оқырман спортшыға қолдау білдірген. Көпшілік бұл кезеңнің де өтпелі екенін айтқан.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам