Азия чемпионы Мадина Бақбергенова ұзақ үзілістен кейін жаттығуын бастады

17.04.2025, 10:13

Мәдина Бақбергенова былтыр қараша айында үшінші баласын өмірге әкелген

Азия чемпионы Мадина Бақбергенова ұзақ үзілістен кейін жаттығуын бастады
ҰОК

Әйелдер күресінен Азия чемпионы Мәдина Бақбергенова бала күтімінен кейін араға ұзақ уақыт салып жаттығуға кірісті. Бұл туралы оның егізі Жәмила Бақбергенова мәлімдеді.

Спортшының сөзінше, енді ол жаттығуды өзінің жақын адамымен бірге жасамақ.

«Мәдина жаттығуды бастады. Ұзақ үзілістен кейін қайта жаттығу оңай емес», - деді балуан.

Естеріңізде болса, Мәдина Бақбергенова өткен жылдың қараша айында үшінші баласын өмірге әкелген болатын. Ол 2022 жылы Ұлан-Батырда өткен Азия чемпионатында жеңімпаз атанды. Отандасымыз финалда қырғыздың танымал балуаны, Олимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегері Мейірім Жұманазаровадан басым түскен еді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам