
17 отандық татами шебері өз әлеуетін көрсетіп, жүлде үшін сынға түспек
Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасы 25-28 сәуір күндері Бангкокта өтетін Азия чемпионатына аттанды.
Құрлық додасында 17 отандық татами шебері өз әлеуетін көрсетіп, жүлде үшін сынға түспек. Олардың арасында басты фаворит ретінде әйелдер құрамасынан Ғалия Тынбаева болып отыр. Ол өткен жылы Азия чемпионатында қола жүлдегер атанған еді.
Айта кететін жайт, биылғы чемпионатқа Азияның 30 елінен 300 дзюдошы қатысады деп күтіліп отыр.
Өткен жылы азия чемпионатында қатысқан Қазақстан спортшылары 4 қола жүлдемен оралған еді. Оның екеуін әйелдер құрамасы еншіледі. Сондай-ақ, Жанарыс Рахметқали (66 кг) үздік үштікке енсе, аралас құрама командалық сында қола жүлде иеленді.