Үш дүркін Олимпиада чемпионы мектептегі ата-аналар жарысында жеңімпаз атанды

21.04.2025, 17:41

38 жастағы ямайкалық Шелли-Энн Фрейзер-Прайс мансабын жалғастыратын болды

Үш дүркін Олимпиада чемпионы мектептегі ата-аналар жарысында жеңімпаз атанды
Видеодан кадр

Жеңіл атлетикадан Олимпиада ойындарының үш дүркін чемпионы, ямайкалық Шелли-Энн Фрейзер-Прайс баласы оқитын мектепте ата-аналар арасында жүгіру жарысына қатысып, топ жарды. Бұл туралы RMC Sports жазды.

«Мені әзірге дисквалификацияға жіберген жоқ. Сондықтан қайтадан стартқа тұрып, жарысқа қатыстым», - деп әзілдеді спортшы.

38 жастағы Шелли-Энн Фрейзер-Прайс 100 метрге жүгіруден Бейжің және Лондон Олимпиадасында топ жарды. Сонымен бірге Токиода өткен төртжылдықтың басты ойындарында эстафетада топ жарды. Сондай-ақ, ол Олимпададан 4 күміс, 1 қола медаль иеленген. Бұдан бөлек, әлемнің 11 дүркін чемпионы.

Бірнеше күн бұрын оңтүстікамерикалық жеңіл атлет спорттық мансабын жалғастыратынын мәлімдеген болатын.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам