Қостанай спортының басшысы бейәдеп сөз айтып, видеоға түсіп қалды (ВИДЕО)

22.04.2025, 12:40

Қазір шенеунікке қатысты қызметтік тексеру басталған

Қостанай спортының басшысы бейәдеп сөз айтып, видеоға түсіп қалды (ВИДЕО)
Видеодан кадр

Әлеуметтік желіде Қостанай облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының бөлім басшысы Алмас Әбілдиннің бейәдеп сөз айтқан видеосы тарады.

Кадрға қарағанда, оның матчтан соң трибунада сөйлесіп тұрып, былапыт сөздер қосқанын көруге болады. Осылайша, әкімдік өкілі мемлекеттік қызметші әдебін бұзып отыр.

Қостанай облыстық әкімдігінің баспасөз хатшысы Әлішер Валиев Kozachkov телеграм-парақшасына бұл жайтқа қатысты ресми жауап беріп, видео кейіпкеріне қатысты қызметтік тексеру жүріп жатқанын айтқан.

«Видеодағы шынымен де Дене шынықтыру және спорт басқармасының қызметкері. Жағдай матчтан соң, жеке уақытында болған. Қызметтік тексеру жүріп жатыр. Соның нәтижесі бойынша барлық тараптың іс-әрекетіне баға беріледі. Мемлекеттік қызметшілер тәулік уақытына қарамастан өз мінез-құлқына жауап береді, алайда жағдайды бағалау кезінде жалпы жайтты да ескеру маңызды», - деген ол.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам