
Ол дзюдошы кезінде де айтарлықтай жетістікке жеткен
Қазақстандық бапкер Елдос Жұмақановқа ҰОК президент Геннадий Головкин құрмет грамотасын табыстады.
Бұл туралы Жұмақановтың өзі әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық комитетінің мақсаттарын жүзеге асыруға көрсеткен қолдауы мен елеулі жетістіктері үшін құрмет грамотасымен марапатталдым. Көк Туымыз әлем және Олимпиада тұғырларында желбірей берсін. Қолдауларыңызға көп рақмет», - деді ол.
Елдос Жұмақанов бірнеше жыл бойы ұлттық құрама сапында 66 келі салмақта белдескен. Отандасымыз екі мәрте әлем чемпионатында бесінші орынға тұрақтаса, 2018 жылы Индонезияда өткен Азия ойындарында қола жүлдегер атанды. Сондай-ақ, Азия чемпионаттарында 4 мәрте жүлдеге ие болды.