Милад Карими әлем кубогында кезекті рет чемпион атанды

28.04.2025, 20:40

Осымен оның еншісінде Әлем кубогында 6 алтын жүлдесі бар

Милад Карими әлем кубогында кезекті рет чемпион атанды
ҰОК

Қазақстандық гимнаст Милад Карими Мысырда өтіп жатқан әлем кубогы кезеңінің екінші финалында тағы топ жарды.

Қазақстандық атлет кермедегі жаттығуларда үздік нәтиже көрсетіп,  төрешілердің шешімімен 14,466 ұпайға ие болды. Бұл ретте кипрлық Мариос Георгиу 14,066 ұпаймен күміс жүлдегер атанса, швейцариялық Ноэ Сейферт 13,866 ұпаймен үштікті түйіндеді.

Бұған дейін Милад Карими еркін жаттығуларда да жеңімпаз атанған еді. Отандасыыз жалпы есепте де әлем кубогының чемпионы атанып отыр. Осымен оның еншісінде Әлем кубогында 6 алтын жүлдесі бар.

Айта кететін жайт, Милад Карими 19 сәуірде Дохадағы Әлем кубогының кезеңінде екінші алтын медаль жеңіп алған болатын. Ол сол сында кермедегі жаттығулар бағдарламасының финалында үздік шықты.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам