
Дуглас алаңға капитан ретінде шығып, екі гол соғып, бір нәтижелі пас берд
Қазақстан футзал құрамасының көшбасшысы Дуглас Жуниор Сауд Арабиясының «Әл-Ула» командасы сапында чемпион атанды. Финалда оның клубы «Әл-Наср» командасын 5:3 есебімен жеңді.
Дуглас алаңға капитан ретінде шығып, екі гол соғып, бір нәтижелі пас берді. Осылайша, ұжымының ел чемпионы атануына сүбелі үлес қосты. Бір қызығы, португалиялық жұлдыз Криштиану Роналду «Әл-Наср» футбол клубымен екі жарым жылдан бері чемпиондық атаққа қол жеткізе алмай жүрсе, Дугласқа бір маусымның өзі жеткілікті болды.
Естеріңізде болса, Дуглас «Әл-Ула» клубына қыркүйек айында – әлем чемпионатынан соң ауысқан. Сауд Арабиясының клубы оның 120 мың долларға (шамамен 57 млн теңге) сатып алды. Бұл қомақты қаражат, себебі футзалда ақылы трансферлер өте сирек кездеседі.
36 жастағы Дуглас Қазақстан құрамасында 2015 жылдан бері ойнап келеді: ол 93 матч өткізіп, 67 гол соққан – құраманың тарихындағы ең үздік сұрмерген. Еуро-2026 іріктеу кезеңінде Дуглас бес ойында төрт гол салды.
Ал биылғы күзде отандық жанкүйерлер оны Еуро-2026 жарысына қатысу үшін өтетін плей-офф матчтарында көреміз деп үміттенеді. Бұл турнир Дуглас пен Игитаның мансабындағы соңғы дода болуы мүмкін.