Зайнутдинов Түркияда тағы сын астында қалды

01.05.2025, 20:48

Зайнутдинов түрік клубына 2023 жылдың қазан айында 4,5 миллион еуроға ауысты

Зайнутдинов Түркияда тағы сын астында қалды
ҚФФ

«Бешикташ» клубының президенті атануы мүмкін деген Гюркан Аксой клубтың трансферлік саясатын сынға алып, Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бактиер Зайнутдиновты мысал ретінде келтірді.

Зайнутдинов жай ғана жүгіріп жүріп жарақат алды. Ал жасы 35-ке келген Иммобиле үшін алты миллион еуро төленді. Клубтың нақты трансферлік стратегиясы болуы керек. 30 жастан асқан ойыншыларға ақша шашуға болмайды, — деді Аксой Begikad TV арнасына берген сұхбатында.

Зайнутдинов түрік клубына 2023 жылдың қазан айында 4,5 миллион еуроға ауысты.

Биылғы маусымда қазақстандық футболшы «Бешикташ» сапында 12 матч өткізіп, бір нәтижелі пас берді.

Естеріңізде болса, Бактиер Зайнутдинов жарақатына байланысты 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Қазақстан құрамасының алғашқы ойындарына да қатыса алмады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам