Әбиба Абужақынова финалға шыға алмады

02.05.2025, 15:09

Бүгін шыққан өзге балуандар түгел жеңілді

Әбиба Абужақынова финалға шыға алмады
Olympic.kz

Тәжікстан Астанасы Душанбеде дзюдодан кезекті әлемдік Гран Слэм турнирі басталды. Жарыстың алғашқы күні қазақстандық дзюдошылардың бірде-біреуі финалға шыға алмады.

Құраманың көшбасшысы Әбиба Абужақынова ғана қола медаль үшін күресуге мүмкіндік алды. Оның алғашқы қарсыласы татамиге шықпады. Ширек финалда жапондық Иганаки Вакананы жеңсе, жартылай финалда Қытай қызы Жуанг Веннадан жеңілді. Енді ол қола медаль үшін өзбекстандық Хакимова Улбусинмен күреседі.

Әбибадан бөлек Алдияр Қарғұлов (60 келі) алғашқы айналымда өзбек Иброгимов Анваржоннан өте алмаса, 66 келіде күрескен Ботабай Нұрмұхамет алғашқы айналымда Вьетнамдық Су Денді юко ұпайымен жеңді. Сондай-ақ, екінші айналымда өзбек балуаны Сардор Нуриллаевтан басым түсті. Ал, ширек финалда ол әзербайжандық Яшар Нажафовтан жеңілді. Одан кейін жұбаныш белдесуде Түркіменстан балуаны Тойлы Мирадовтан жеңіліп, жарысты 7-орынмен аяқтады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам