
2023 жылы аталған турнирде Мағжан Шамшадин 60 келіде топ жарған
Қазақстандық дзюдошы Мағжан Шамшадин Астана Гранд Слэмінде топ жару үшін барын салатынын мәлімдеді. Жанкүйерлеріне уәде берген отандық татами шебері бұл туралы желіде жазба жариялады.
«Қазақстан барысы Гранд слэміне 5 күн қалды. Алла қаласа осы сезімді қайтадан сіздерге сыйлаймыз», - деді ол.
Естеріңізде болса, 2023 жылы аталған турнирде Мағжан Шамшадин 60 келіде топ жарған болатын. Ұлттық құраманың белді мүшесі өткен жылы ел чемпионатында күміс жүлдегер атанған.
Оның есімі Астанадағы сында жүлдеден үмітті балуан ретінде болжанып отыр. Айта кететін жайт, Мағжан Шамшадин былтыр Париж Олимпиадасына қатысудан үмітті болған еді. Алайда ұлттық құраманың ішіндегі Сметов пен Серікбаев арасындағы бәсекеде ол спаррингте есе жіберіп, өз мүмкіндігін мүлт жіберіп алды.