Олимпиада финалында Михайн Лопестен жеңілген балуанға ұлттық сыйлық берілді

16.05.2025, 23:59

Аталған сыйлық Чилидің ең даңқты спортшыларына ғана беріледі

Олимпиада финалында Михайн Лопестен жеңілген балуанға ұлттық сыйлық берілді
Getty Images

Грек-рим күресінен Париж Олимпиадасында 130 келіде белдесіп, күміс жүлдегер атанған Ясмани Акостаға Чилиде ұлттық сыйлық табысталды. 

Оған бұл сыйлық былтыр өткен төртжылдықтың басты ойындарындағы жоғары жетістігі үшін беріліп отыр. 

«Ясмани Акоста Чили мемлекеті ең үздік спортшыларға табыстайтын ең жоғары марапат – Ұлттық спорт сыйлығының иегері атанды», - деп жазды чилилік ақпарат құралдары.

2024 жылы классик балуан Парижде өткен Олимпиададан бөлек, Панамерика чемпионы атанды. Сондай-ақ, ол өз салмағында әлемнің танымал балуаны ретінде маусымды аяқтады.

Ясмани Акоста Кубада дүниеге келген. Аса ауыр салмақтағы бәсекеде ол өзінің отандасы, даңқты Михайн Лопеске есе жіберіп, кейін Чилидің атынан күресу туралы шешім қабылдады.

Спортшы 2017 жылы әлем чемпионатында қола жүлдегер атанса, 2011 және 2024 жылы Панамерика чемпионы болған. Сондай-ақ, бір рет күміс, 4 рет қола жүлдеге ие болды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам