Тедди Ринер алдағы әлем чемпионатына қатысудан бас тартты

Telegram WhatsApp

Дзюдошы шынтағына ота жасатқан

Дзюдо федерациясы
Дзюдо федерациясы

Дзюдодан үш дүркін Олимпиада чемпионы Тедди Ринер спорттық мансабын 2028 жылға дейін жалғастыратын болды. 36 жастағы француз спортшысы Лос-Анджелес Олимпиадасында күресуге ниетті.

Алайда биыл Венгрияда өтетін әлем чемпионатында шынтағына жасатқан отаға байланысты қатыса алмайтыны белгілі болып отыр.

Бұл туралы ол әлеуметтік желіде жазба жариялап, Будапеште өтетін біріншілікті босатынын атады.

«Мен Венгрияда өтетін әлем чемпионатына қатыспаймын. Иә, шынтағыма ота жасалды, бәрі артта қалды. Бірақ әзірге өзімді керемет қалыпта сезіне алмаймын. Жоғары деңгейде күресіп, татамиге шығу үшін физикалық әрі психологиялық тұрғыдан толық дайын болу қажет. Бұл – оңай емес. Бірақ командамен бірге қабылданған салмақты шешіміміз болып отыр. Біз күн сайын мықты болу үшін еңбек етіп жатырмыз»

деп жазды Ринер өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында

Тедди Ринер жекелей сын бойынша Олимпиада ойындарында 3 рет чемпион болды. Сондай-ақ, Бейжің және Токио Олимпиадасында қола жүлдеге ие болған. Бұдан бөлек, ол командалық сында екі Олимпиадада чемпион болды. Әлем біріншілігінде оннан астам чемпион атанған балуан үшін ендігі меже 2028 жылы АҚШ-та өтетін Олимпиадаға қатысу болып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, 13-20 маусым күндері Будапеште дзюдоданәлем чемпионаты өтеді. Бұл сынға Париж Олимпиадасының чемпионы, қазақстандық Елдос Сметов те қатыспайтыны белгілі болды.

Пікірлер

Жүктелуде…

Бүгін YouTube-та

«Арыс» Түркістан облысына керек емес. Футболға демеуші тарту проблема. Бірінші лигада ақша жоқ 3 958 Махмұд Сабырханға конкурент көбейді. Абылайхан боксты тастады ма? Нұрбек Оралбай кімге ренжіді? 58 173 Shorts Нұрбек Оралбай “стабильный” боксшы, ол соңына дейін барын салып төбелеседі 288 Shorts Бокстан ел чемпионатында өңірлік бәсеке әділ бәсекелестіктен басым түсті 523 Shorts “Чемпион болу қиын, ал чемпиондық атақты қорғау одан да қиын!” 582 Shorts Қазақстан чемпионатынан Азия ойындарының үш жүлдегері босатылды, қалғандары ауырып қалды 287 Shorts 55 келі: Бексұлтан Қожамжар финалда сүрінді 170 Shorts Әділбек Қожахан ширек финалда үш дүркін чемпионды, жартылай финалда әлем чемпионын жеңді 296 Shorts Өзбекстан секілді 4 жылда бір ӘЧ-ге барғанша, жыл сайын Еуропа грандтарымен ойнаған дұрыс 831 Shorts Ұлттық құрамаға өз ісіне адал, ел футболына жаны ашитын азаматтарды жұмысқа тарту қажет 499 Shorts Қазақ футболы деген не? Аудиториясы бар, инфрақұрылымы жоқ дүние! 336 Shorts Ұлттық құрама – федерация үшін тығырық: Ван ’т Шкип пен Маннды алудың өзі соның бір дәлелі 308
#
Команда
Ұпай
1
Пари Сен-Жермен
12
2
Реал Мадрид
12
3
Арсенал
10
4
Комо
9
5
Барселона
9
6
Манчестер Сити
9
7
Астон Вилла
9
8
Ливерпуль
9
9
Брюгге
9
10
Спортинг (Лиссабон)
9
11
Бетис
9
12
Боруссия (Дортмунд)
9
1/8 финалПлей-офф
Толық кесте · 36 команда ›