Әлемдегі сексуальный футболшы қыздар. Жаңа шығарылым!

Азамат Дәулетбеков Загреб турнирінің финалында күреседі

11.01.2024, 00:07

Ол балуандар арасынан Париж олимпиадасына жолдама алған әзірге жалғыз спортшы

Азамат Дәулетбеков Загреб турнирінің финалында күреседі
olympic.kz

Хорватия астанасы Загребте биылғы маусымдағы алғашқы рейтингілік турнир басталып, бірінші жарыс күнінде қазақстандық Азамат Дәулетбеков финалға жолдама алды.

Olympic.kz сайтының жазуынша, еркін күрестен 86 келіге дейінгі салмақта сынға түсетін Азамат алғашқы айналымда әлем чемпионатының күміс жүлдегері (2019) үндістандық Дипак Пунияны 6:2 есебімен жеңген. Келесі кезеңде қазақ балуаны украиналық Валентин Бабийден 11:0 есебімен басым түсіп, ширек финалда грузиялық Евсем Швелидзеден 10:0 нәтижесімен айласын асырды.

Жартылай финалда отандасымыз Израиль елінің өкілін ірі есеппен жеңіп кетті. Енді финалда Дәулетбеков Болгария атынан күресетін дағыстандық легионер Магомед Рамазановпен өзара мықтыны анықтайды.

Азамат Дәулетбеков еркін күрестен әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері, Азия чемпионы. Ол балуандар арасынан Париж олимпиадасына жолдама алған әзірге жалғыз спортшы.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам