
Ол алдағы әлем чемпионатына бара алмауы мүмкін
Париж Олимпиадасында Өзбекстанға еркін күрестен тарихи алтын сыйлаған ресейлік легионер Разамбек Жамаловтың тізесіне ота жасалып, сәтті аяқталды.
Бұл оның спорттық мансабындағы оныншы операциясы болды. Жамалов алдағы алты айда жарыстарға нақтырақ айтсақ, әлем чемпионатына қатыса алмауы мүмкін.
Айта кетейік, Разамбек Жамалов – Дағыстан тумасы. Ол 2024 жылдың ақпан айынан бастап халықаралық жарыстарға Өзбекстан атынан сынға түсіп жүр. Париж Олимпиадасында чемпион атанып, Өзбекстанға алтын сыйлаған. 2024 жылы Өзбекстанда
«Жыл жаңалағы» номинациясымен марапатталған.
Жамалов 74 келі салмақта 2020 және 2022 жылдары Ресей чемпионатында топ жарған. Сондай-ақ, 2020 жылы Әлем кубогінің иегері атанған болатын.