Мағжан Шамшадин әлем чемпионатының ширек финалына шықты

13.06.2025, 17:45

Ол бельгиялық Йорре Ферстрэтенді ұтты

Мағжан Шамшадин әлем чемпионатының ширек финалына шықты
Дзюдо федерациясы

60 келідегі қазақстандық дзюдошы Мағжан Шамшадин 2025 жылғы әлем чемпионатының ширек финалына шықты. Будапештте өтіп жатқан аламанның 1/8 финалында ол бельгиялық Йорре Ферстрэтенді ұтты. 

Ал бұған дейін америкалық Дэвид Тереоны жеңсе, екінші айналымда Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Франциско Гаригосты бар болғаны 10 секундта жарыс жолынан ығыстырды. Енді жартылай финалдың жолдамасын жапониялық  Рюдзю Нагаямамен сарапқа салады. Жапон балуаны - Париждегі Олимпиада ойындарының қола жүлдегері.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам