
Бұл – қазақ қандасымыздың алғашқы әлем чемпионаты
Моңғолияда дүниеге келген этникалық қазақ Ёолк Кадербек (-60кг) Венгрия астанасы Будапеште өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды.
Үшінші орын үшін белдесуде Ёолк Кадербек Бразилия елінің өкілі Мишел Аугустоны үш шидо ескерту арқылы жеңіп, қола жүлдеге қол жеткізді. Айта кетейік, бұл – қандасымыздың алғашқы әлем чемпионаты. Осылайша ол Баян-Өлгий қазақтары арасынан шыққан дзюдодан әлем чемпионатының тұңғыш жүлдегері атанып отыр.
Ёолк Кадербек 2024 жылы Токио да өткен Гранд-Слэм турнирінде жүлдеге бір табан қалған кезде сүрініп, 5-орынға тұрақтаған.