Қазақстан тарихында алғаш рет пара волейболдан Азия чемпионы атанды

14.06.2025, 17:28

Енді біздің ұлттық құрама 2026 жылы әлем чемпионатына қатысады

Қазақстан тарихында алғаш рет пара волейболдан Азия чемпионы атанды
Спортты дамыту дирекциясы

Волейболды отырып ойнаудан өткен Азия чемпионатының финалында Қазақстан ұлттық құрамасы Қытай командасын 3:2 есебімен (22:25, 19:25, 25:19, 25:20, 8:5) жеңіп, өз тарихында алғаш рет Азия чемпионы атанды.

Чемпионат барысында Қазақстан құрамасы іріктеу кезеңінде Сауд Арабиясы, Жапония және Аустралия командаларын, ал жартылай финалда Таиланд құрамасын 3:0 есебімен сенімді түрде жеңіп, финалға жолдама алған болатын.

Чемпионат қорытындысы бойынша бірінші орынды – Қазақстан, екінші орынды – Қытай және үшінші орынды Таиланд құрамасы иеленді.

Сондай-ақ, чемпионат барысында жоғары шеберлік көрсеткен ұлттық құраманың бірнеше ойыншысы жеке марапаттарға ие болды. Эрик Каскабаев – үздік доп беруші, Шыңғыс Медеуов – үздік либеро, ал Алмат Оспанов – үздік блок қоюшы атанды.

«Чемпионаттық ақтық жарысы тартысты өтті. Қарсыластарымыз осал болған жоқ. Финалдық кездесудің алғашқы екі сетінде алаң иелері – Қытай құрамасы басымдық танытты. Алайда ұлттық құрамамыз керемет ерік-жігер мен шеберліктің арқасында келесі үш сетте басым түсіп, тартысты ойында тарихи жеңіске қол жеткізді. Бұл – Қазақстан үшін Азия чемпионатындағы алғашқы алтын медаль», – деді ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Бауыржан Тахауов. 

Айта кетейік, волейболды отырып ойнаудан Азия чемпионаты 6-15 маусым аралығында Қытайдың Ханчжоу қаласында өтті. Жарысқа 8 ерлер және 7 әйелдер ұлттық командасы қатысты.Чемпионаттың нәтиже бойынша Қазақстан мен Қытай құрамалары 2026 жылы Қытайда өтетін әлем чемпионатына жолдама жеңіп алды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам