Ол ширек финалда 2 дүркін Олимпиада жеңімпазы Коки Каноны жеңді
Индонезияның Бали қаласында өтіп жатқан семсерлесуден Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы жүлде түсті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Ерлер арасында Вадим Шарлаимов семсер жаттығуында үздік үштікті түйіндеді. Ол ширек финалда 2 дүркін Олимпиада жеңімпазы Коки Каноны жеңіп, сенсация жасады. Ал жартылай финалда жапон Масару Ямадаға есе жіберді.