Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтеді

18.06.2025, 13:08

Байрақты бәсекеге 27 елден 300-ге жуық спортшы қатысады

Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтеді
ҰОК

4–10 шілде аралығында Астанада ауыр атлетикадан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионаты өтеді. Бұл туралы Ауыр атлетика федерациясы хабарлады.

Байрақты бәсекеге 27 елден 300-ге жуық спортшы қатысады. Қазақстан құрамасы барлық жас санатында және барлық салмақ дәрежесінде бақ сынайды. Жалпы саны 32 отандасымыз жүлде үшін таласады. Олардың қатарында Едіге Емберді, Ерасыл Сәулебеков, Аянат Жұмағали, Ақжол Құрманбек және Денис Полубояринов сынды үміткерлер бар.

Ұлттық құрама мүшелері қазір Алматыдағы Олимпиадалық даярлау орталығында соңғы дайындық жұмыстарын жүргізуде.

Еске сала кетейік, жасөспірімдер мен жастар арасындағы өткен Азия чемпионаты 2023 жылы Қатардың астанасы Дохада ұйымдастырылған болатын. Ол додада Қазақстан құрамасы 12 алтын, 9 күміс және 12 қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте бірінші орыннан көрінген.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам