Астанада ауыратлетикадан Азия чемпионаты өтеді

19.06.2025, 00:44

Соңғы Азия чемпионатында қазақстандық атлеттер 12 алтын жеңіп алған

Астанада ауыратлетикадан Азия чемпионаты өтеді
Қазақстан ауыр атлетика федерациясы

Астанада 4-10 шілде аралығында жасөспірімдер мен жастар арасында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтеді.

Бұл бәсекеге 27 елден 300-ге жуық спортшы қатысады деп жоспарлануда. Еліміздің атынан әртүрлі жас санаты бойынша 32 зілтемірші ел намысын қорғайды. Олардың қатарында әлем чемпиондары Едіге Емберді, Ерасыл Сәулебеков, Азия чемпиондары Ақжол Құрманбек, Аянат Жұмағали және Денис Полубояриновтар бар.

Айта кетейік, 2024 жылы Дохода өткен жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында ұлттық құрама 12 алтын, 9 күміс, 12 қола жүлде жеңіп алған. Осылайша жалпы командалық есепте көш бастаған.

Қазіргі таңда ұлттық құрама спортшылары Алматыдағы Олимпиадалық даярлау орталығында жаттығып жатыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам