Қазақстандық каратэшілер әлемдік рейтингте көш бастады

19.06.2025, 09:46

Жыл басынан бері отандық каратэшілер халықаралық бірнеше турнирде жоғары нәтиже көрсетті

Қазақстандық каратэшілер әлемдік рейтингте көш бастады
instagram.com/assel.kanay/

Халықарлық каратэ федерациясы (WKF) жаңартылған рейтинг тізімін жариялады. Аталған тізімде -50 келі салмақта әлем чемпионы Мөлдір Жаңбырбай мен Азия чемпионы (-61кг) Әсел Қанай көш бастады.

Айта кетейік, Мөлдір мен Әсел осы жылы Мароккодағы премьер-лигада жылдың ең үздік спортшылары атағын жеңіп алған болатын. Мөлдір осымен екі жыл қатарынан бұл атаққа қол жеткізіп отыр.

Сонымен қатар, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Софья Берульцева өз салмағында (+68кг) екінші орынға тұрақтады.

Берульцева да «Grand winner» үздік спортшы атағына үмтікерлердің қатарында болған. Алайда, ұпай саны толық жеткілікті болмай, үздіктер қатарынан көріне алмады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам